Павлодарда Тәуелсіздік құрдастары марапатталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодарда Тәуелсіздік құрдастары марапатталды

11.12.2014
Павлодарда Тәуелсіздік құрдастары марапатталды

«Нұр Отан» партиясының облыстық филиалында ел Тәуелсіздігі мерекесіне орай, «Менің елім - Қазақстан» шара өтті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Салтанатты шараға «жасотандықтар», өңірдегі жоғары оқу орындарының студенттері мен мектеп оқушылары қатысты. Партияның облыстық филиалы төрағасының орынбасары Илья Теренченко жас буын өкілдерін мерекемен құттықтап, Тәуелсіздік құрдастарын Құрмет грамоталарымен марапаттады.

Спорттық, шығармашылық және зияткерлік додаларда облыстың намысын қорғаған ұл-қыздар мерекелік тартуларға ие болды. Олардың қатарында жуырда кикбокс бойынша өткен халықаралық универсиаданың финалисі, көптеген жарыстардың жеңімпазы Айбек Қожахметов бар.

Құрмет грамоталарымен марапатталғандардың қатарында «Мисс Қазақстан-2014» сұлулық байқауында облыстың мәртебесін асырған Әмина Қожанова және «Хочу к Меладзе» шоуының қатысушысы Константин Костин бар.

Хабарламаларға жазылу