ШҚО-да «Тәуелсіз ел жастары» атты акция өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ШҚО-да «Тәуелсіз ел жастары» атты акция өтті

20.12.2017

«Тәуелсіз ел жастары». Осындай атаумен Шығыс Қазақстанның белсенді жастары облыс орталығының көшелерінде арнайы акция өткізді. Олар автокөліктерді мерекеге лайық Тәуелсіздік нышандарын білдіретін жапсырмалармен безендірді. Мақсат – қала тұрғындары арасында Тәуелсіздік құндылықтарын насихаттау. Акцияға барлығы 1000 жапсырма әзірленген.     

Айдар Есімханов, студент:

- Біз шығыстың рухты жастары Тәуелсіздік күні қарсаңында Тәуелсіздікті атап өтіп жатырмыз. Тәуелсіздік құрдастары егемен Қазақстанның болашағы деп есептейміз. Сондықтан, осындай акцияны эстафета түрінде Семей қаласына жолдадық және де республиканың басқа да қалаларына жолдаймыз.

 

Зарина ҰЛЫҚБЕК

Хабарламаларға жазылу