Тәуелсіздік құрдастары отандық ғылым саласында еңбек етуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тәуелсіздік құрдастары отандық ғылым саласында еңбек етуде

16.12.2014
Тәуелсіздік құрдастары отандық ғылым саласында еңбек етуде

Олар сан алуан мамандықты игеріп, еліміздің әлеуметтік-экономикалық жағдайын одан ары жақсартуға өз үлестерін қоса бастады.

Гүлжазира Базарқұлова Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің органикалық заттардың химиялық технологиясы кафедрасының 1-ші курс магистранты.

Фармацевтика, мұнай өндіру бағыттарында қазірдің өзінде бірқатар зерттеулер жасап жүрген замандасымыз тәуелсіздіктің төл құрдасы.

Келешекте көбіне ер адамдар жұмыс істейтін мұнай өндіру саласына жаңалық қосқысы келеді. Қазір университет жанындағы жаңа материалдар ғылыми-зерттеу институтында білімін жетілдіріп жүр.

Андрей Белетский де 1991 жылы дүниеге келген. Тәуелсіздіктің төл құрдасы машинақұрастыру мамандығы бойынша оқып жүр.

Айтуынша бұл салаға қазір елімізде жұмысшы күші тапшы көрінеді.

Сондықтан осы университет қабырғасында теориямен қатар мынадай заманауи шеберханаларда жұмыс істеп, барынша тәжірибе жинақтауға тырысуда.

 

Руслан НҰРЛАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу