«Жас тұлпар» сыйлығының лауреаттары 1 миллион теңге сыйақы алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Жас тұлпар» сыйлығының лауреаттары 1 миллион теңге сыйақы алды

10.12.2014
«Жас тұлпар» сыйлығының лауреаттары 1 миллион теңге сыйақы алды

Бүгін Астанада «Жас тұлпар» сыйлығының лауреаттарын марапаттау салтанатында «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек сөз сөйледі.

«Біздің мемлекет қуатты болатын болса, жастардың болашағы да жарқын болады. «Нұр Отан» партиясы ұйымдастырған «Жас тұлпар» сыйлығы – жастардың күші. Сол себепті, бұл шаралар жастардың болашағы үшін ұйымдастырылып отыр»,-деді ол.

Азаматтық қауіпсіздік жолындағы кәсіби қызметі үшін Арғын Қуанов 1 миллион теңге көлемінде сыйақымен марапатталды. Ол 50 оқушының өмірін сақтап қалған азамат.

Әдебиет саласы бойынша «Шалқар» Ұлттық арнасының бас редакторы, ақын  Серік Сейітман жүлдегер атанды.

«Астана» телеарнасының жаңалықтар жүргізушісі Оксана Петерс «Мемлекеттік тілдің дамуына үлес қосқаны» үшін марапатталып, 1 миллион теңгеге ие болды.

Сонымен қатар, білім және ғылым саласындағы жетістіктері үшін Назарбаев университеті Ғылыми орталығының жетекшісі Ұлықбек Қайыровты үздік деп танып, Нұртай Сәбильянов 1 миллион сыйақыны қанжығасына байлады.

Ал, Илья Ильин – спорт саласындағы жетістіктер үшін үздік деп танылды. Ол 26 жасында-ақ екі дүркін Олимпиада чемпионы, төрт дүркін Әлем чемпионы атағын алған спортшы. Үздік спортшыны Дәулет Тұрлыханов марапаттады.

Мәдениет  пен өнер саласындағы үлесі үшін «Turkvyzion-2014» халықаралық байқауында 40 қатысушы арасынан үздік шыққан әнші Жанар Дұғалова марапатталды. 1 миллион теңге көлеміндегі сыйақыны әншіге Нұрлан Ерімбетов табыстады.

Үздіктер қатарында қоғамдық-саяси қызметі үшін «Қазбренд» қоғамдық қорының директоры Евгений Рибалко енді.

Хабарламаларға жазылу