Мемлекет басшысының БАҚ саласындағы сыйлығы мен грантын беру үшін ұсынымдар қабылдау мерзімі ұзартылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысының БАҚ саласындағы сыйлығы мен грантын беру үшін ұсынымдар қабылдау мерзімі ұзартылды

05.06.2015
Мемлекет басшысының БАҚ саласындағы сыйлығы мен грантын беру үшін ұсынымдар қабылдау мерзімі ұзартылды

Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз қызметі 5 мамыр мен 5 маусым аралығына тура келетін мереке күндерін ескере отырып, Мемлекет басшысының БАҚ саласындағы сыйлығы мен грантын беру, сондай-ақ, Алғысын жариялау үшін ұсынымдар қабылдау мерзімін 10 маусымға дейін ұзарту жөнінде шешім қабылданғанын хабарлайды. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты хабарлады.

Мемлекет басшысы сыйлығының лауреаттары 2 миллион 200 мың теңге, сондай-ақ, алтын төсбелгі алады. Грант иегерлеріне 1 миллион 764 мың теңге беріледі.

Хабарламаларға жазылу