Астана қаласының орталық алаңында Тәуелсіздік күніне арналған мерекелік концерт өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астана қаласының орталық алаңында Тәуелсіздік күніне арналған мерекелік концерт өтеді

12.12.2014
Астана қаласының орталық алаңында Тәуелсіздік күніне арналған мерекелік концерт өтеді

16 желтоқсанда Тәуелсіздіктің 23 жылдығына орай сағат 19.00 - 23.00 орталық алаңда Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған мерекелік концерт өтеді, деп хабарлады Астана әкімдігінің ресми сайты.

Концертке Астана қаласының мемлекеттік филармониясының эстрадалық жанрдағы әртістері, «Аламан» триосы және Досымжан Таңатаров, Клара Түленбаева, Салтанат Байжұманова, Қайрат Баекенов, Қайрат Нұртас және т.б. қазақстандық эстрада жұлдыздары қатысады. Бағдарлама 22.30 Есіл өзенінің жағасында мерекелік отшашумен аяқталады.

Хабарламаларға жазылу