Фархад Мәденов: «Douainimigemene» байқауына мені әуелде қазылық етуге шақырған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Фархад Мәденов: «Douainimigemene» байқауына мені әуелде қазылық етуге шақырған

09.12.2014
Фархад Мәденов: «Douainimigemene» байқауына мені әуелде қазылық етуге шақырған

Молдова Республикасының  Кишинев қаласында өткен «Douainimigemene» («Екі егіз жүрек») атты ХІІ халықаралық байқауда  жүлделі орын алған әнші Фархад Мәденов «Таңшолпанда» қонақта болды.

«Мені алғашқыда бұл байқауға қазылық етуге шақырған еді. Бірақ, байқаудың шарттарын қарап отырсам, 40 жасқа дейінгі әншілер қатыса алады екен. Оның үстіне үлкен халықаралық сайыс. Әрі Молдова әлемге әншілік өнерімен, керемет дауысты өнер иелерімен таныс ел. Содан қазылар алқасы ретінде емес, қатысушы ретінде қатысып көрейін деп өтініш білдірдім. Кейін менің ұсынысымды қабылдаған соң, іріктеу кезеңінен өттік. 14 мемлекеттен келген 28 қатысушы арасында жолым болып, бірінші орын иелендім»,-дейді әнші.

«Қатысушылар шетінен мықты. Дені «Евровидение», «Славян базары» сынды ірі байқаулардан өткен. Менің бір таңқалғаным, әр қатысушы өзі әнін айтып болған соң, микрофонды келесі қатысушыға ұстатарда оған ақ жол тілеп, қолын қысып, «сенің қолыңнан келеді» деген сияқты қолдау сөздерін төгіп жатты. Ерекше достықты байқадым. Мен мұндай байқауды өмірімде көрмеппін. Бәсекелестік болмады. Сайыс емес, үлкен концерт ретінде өтті».

«Үлгі тұтарым – Ермек Серкебаев. Әр байқаудың алдында сол кісінің әндерін міндетті түрде тыңдаймын. Сол кісіге ұқсағым келеді»,-дейді Фархад Мәденов.

Сұхбаттың толық нұсқасын «Таңшолпаннан» көре аласыздар.

Хабарламаларға жазылу