«Ақтөбе ақпарат» баспасөз орталығы ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Ақтөбе ақпарат» баспасөз орталығы ашылды

03.02.2016
«Ақтөбе ақпарат» баспасөз орталығы ашылды
Орталық БАҚ өкілдерінің мемлекеттік органдардан еркін ақпарат алуына жағдай жасамақ.


Ақтөбе облыстық әкімдігінде жергілікті билік пен бұқаралық ақпарат құралдарының арасында ашық диалог орнату мақсатында «Ақтөбе ақпарат» баспасөз орталығы ашылды.

Орталық БАҚ өкілдерінің мемлекеттік органдардан еркін ақпарат алуына жағдай жасайтын болады. Мәселен, ақпан айының әр сейсенбісінде аудан әкімдерінің баспасөз мәслихаты өтеді.

Сондай-ақ, басқарма басшылары, қала әкімдері және ірі коммуналдық мекемелердің басшылары да осы жерде брифингтер өткізеді.

Жақсыбек КЕМАЛ

Хабарламаларға жазылу