Басты Жаңалықтар «Айтыс» жинағы жарық көрді

«Айтыс» жинағы жарық көрді

«Айтыс» жинағы жарық көрді

Бүгін ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында «Нұр Отан» партиясының қолдауымен «Қазақ өнерінің антологиясы» жобасы аясында жарық көрген қазақ айтысының 7 томдық кітабының тұсауы кесілді. Шара «Алтын домбыра» республикалық айтысына орайластырылып ұйымдастырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Ақын Жүрсін Ерманның айтуынша, жинақтың басты ерекшелігі - бірінші рет қазақтың көне айтыстарынан бастап осы заманғы айтыстарға дейін барлығының басы қосылған.

«Жеті томдық шығармада ақындар туралы мәліметтер, түсіндірме сөздіктер бар. Сондай-ақ шетелдегі қандастарымыздың айтыстары еніп отыр. Оның ішінде «Қытайдағы қазақ ақындары» деген үлкен бөлім бар», - дейді ол. 

Айта кетейік, «Қазақ өнерінің антологиясы» жобасы 25 том еңбекті құрайды. Бұл жоба бойынша биыл 7 том еңбек жарық көрсе, жалғасы алдағы жылдары шығарылмақ. Жоба авторы - мемлекет және қоғам қайраткері, филология ғылымдарының докторы, профессор Мырзатай Жолдасбеков.

Бөлісу