Аңырақай шайқасының 285 жылдығына арналған дөңгелек үстел өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Аңырақай шайқасының 285 жылдығына арналған дөңгелек үстел өтеді

04.12.2014
Аңырақай шайқасының 285 жылдығына арналған дөңгелек үстел өтеді

Қазақ хандығының құрылуы мен қазақ мемлекеттілігінің қалыптасуы Қазақстан тарихының өзекті мәселесі болып табылады. Ал Аңырақай шайқасы — біріккен қазақ қолының жоңғар басқыншылығына қарсы жүз жылдық азаттық соғысында бетбұрыс жасаған ең ірі жеңіс.

Дөңгелек үстелдің қатысушылары көшпенділер мемлекеттілігінің құрылуы мен қалыптасуы, олардың ұлт ретінде сақталуы, жоңғар шапқыншылығынан ұлан-ғайыр жерді аман алып қалып, оны ұрпағына аманаттауы сынды тақырыптарды талқылайды. Бүгінгі буынның санасына отаншылдық пен елжандылықты сіңіруді мақсат тұтатын шараны ҚР Ұлттық музейі Мәдени-білім беру жұмыстары бөлімі, ғалымдар және ҚазМЗУ коледжінің тарих пәнінің оқытушылары мен студенттері бірлесіп ұйымдастырады, деп жазады e-history.kz.

Хабарламаларға жазылу