«Қазақстандық интернет сегментінің қалыптасуы мен дамуы» тақырыбында дөңгелек үстел өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазақстандық интернет сегментінің қалыптасуы мен дамуы» тақырыбында дөңгелек үстел өтеді

18.09.2014
«Қазақстандық интернет сегментінің қалыптасуы мен дамуы» тақырыбында дөңгелек үстел өтеді

19 қыркүйек күні Алматыда «Қазақстандық интернет сегментінің қалыптасуы мен дамуы» тақырыбында дөңгелек үстел өтеді.

Қазақ интернетінің 20 жылдығына арналған шараға  Қазақстандық  IT-компания қауымдастығы,  KazNIC, қазақстандық интернет-бизнес және мобильді коммерция қауымдастығы, Интернет қауымдастығы, Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар қорының өкілдері қатыспақ.

Сонымен қатар, «Қазконтент» АҚ, «Қазақтелеком» АҚ, «Қазпошта» АҚ, «НИТ» АҚ, Beeline, Меломан, АЛСИ, nur.kz, zero.kz өкілдері келеді.

Шараға қатысушылар еліміздің бүгінгі интернет мәселелерін ортаға салатын болады. Олардың арасында интернеттегі қолжетімділік, интернет-ресурстардың контенті және е-сауданың даму мәселелері бар.

Айта кету керек, шара барысында AWARD-KZ ұлттық сыйлығының жеңімпаздары анықталатын болады.

Хабарламаларға жазылу