Алматыда «Мемтапсырыс-2015» акциясы өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда «Мемтапсырыс-2015» акциясы өтеді

04.12.2014
Алматыда «Мемтапсырыс-2015» акциясы өтеді

4 желтоқсан Алматыда қала әкімі Ахметжан Есімов пен «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басшысы Өмірзақ Шүкеевтің қатысуымен дәстүрлі «Мемтапсырыс-2015» акциясы өткізіледі. Бұл туралы  Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Шара барысында бюджеттік бағдарлама әкімшілері мен ұлттық компаниялар 2015 жылға арналған мемлекеттік сатып алулар туралы жоспарларын таныстырады. Ал, шаһар кәсіпорындары қандай тауар ұсынатыны туралы толық ақпарат береді.

Дәстүрлі акция «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ құрамына кіретін ұлттық компаниялар мен алматылық тауар өндірушілер арасында келісімшарт жасалуына ықпал етеді.

Хабарламаларға жазылу