Сурет байқауына 450 оқушы қатысты. Жеңімпаздарды БАҚ өкілдері мен қоғамдық ұйым өкілдері, сондай-ақ, Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының өкілдерінен құрылған қазылар алқасы анықтады.
Балғындарды марапаттаған Алматы әкімі Ахметжан Есімов оларды Тұңғыш Президент күнімен құттықтады. Бұл туралы strategy2050.kz хабарлайды.
«Халықтың жақсы өмір сүріп, елді дамыту үшін Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы қажырлы еңбек етіп жатқандығы баршамызға аян. Алматыда Елбасы тапсырмасын жүзеге асыруға біраз шара ұйымдастырылуда», - деді Ахметжан Есімов.