«British Petroleum» мұнай-газ компаниясы шығындарды қысқартып, активтерді сатпақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«British Petroleum» мұнай-газ компаниясы шығындарды қысқартып, активтерді сатпақ

28.10.2015
«British Petroleum» мұнай-газ компаниясы шығындарды қысқартып, активтерді сатпақ
Мұндай шешім «қара алтынның» арзандауы салдарынан оның табысының кемігені белгілі болғаннан соң қабылданды.

Үшінші тоқсанда мұнай алпауытының кірісі былтырғы жылдың дәл осы уақытымен салыстырғанда 40 пайызға, яғни, 1,8 миллиард долларға түскен.
Бұған дейін «British Petroleum» Мексика шығанағындағы апат салдарымен күреске жұмсалған шығынды өтеу үшін құны 50 миллион долларлық активтерін сатқан.

Ал бұл жолы құнды қағаздарын саудаға қоюдың арқасында компания 5 миллиард долларға дейін табыс көруді көздеп отыр.

Мадина МҰҚАНОВА

Хабарламаларға жазылу