Тәуелсіздік шежіресі: 1997 жыл - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тәуелсіздік шежіресі: 1997 жыл

11.04.2021

1997 жылы Нұрсұлтан Назарбаев халыққа Жолдауында «Қазақстан 2030» стратегиялық бағдарламасын жария етті. Бұл құжатқа тарихи және саяси мән беріледі. 33 жылдан кейін Қазақстанда терең білімді, жауапкершілігі мол, күш-қуаты тасыған, денсаулығы мықты ұрпақ өмір сүруі тиіс деп келетін құжат 7 бағыттан тұратын. 1997 жылы Үкімет «Семей сынақ полигонында тұрған халықты медициналық оңалту» бағдарламасын қабылдауға мәжбүр болды. Себебі туу көрсеткіші азайып, өлім көбейді. Адамдар негізінен рак және жүрек ауруларынан көз жұмды. Өмірге келе сала шетінейтін бала көбейді.

1997 жылы әлемдегі ірі кеніштердің бірі – Қарашығанақ кенішіне байланысты шешім қабылданып, арнайы құрылған консорциумға берілді. Консорциумдағы басты ойыншылар British Gas Group, Eni, Сhevron және Лукойл болатын.

Сол жылы мұнай-газ саласына Қытай да кіреді. «Ақтөбемұнайгаз» тендерге қойылып, қытайдың мемлекеттік China National Petroleum Corporation» (CNPC) деген компаниясы жеңеді.

Бұл жыл Ә.Қажыгелдиннің отставкаға кететін жылы. Бұл жыл жоғары атқарушы биліктің жаңа астанаға көшетін жылы. «Тәуелсіздікке 30 жыл айдары», Нұрлан Асқардың кезекті материалы.


Хабарламаларға жазылу