Мұнай саласында қызмет көрсететін 40 мың адам қысқаруы мүмкін – Рашид Жақсылықов

27.09.2020

Дүниедегі ірі энергетикалық компаниялардың бірі - British Petroleum мұнайға сұраныстың азайған үстіне азая беретіні, оның салдары туралы болжам жасаған, шолуды Bloomberg сайты жариялаған. Мұнай нарығындағы тепе-теңдіктің бұзылуы, көмірсутегінің өзіндік құны өте қымбат Қазақстан, Алжир, Әзербайжан, Иран сияқты елдерге қиын тиетіні айтылған. British Petroleum-ның болжамынша, алдағы 30 жылда мұнайға деген сұраныс кемінде 50 пайыз төмендейді. Шолуда «Мұнайға сұраныс құлдырғанда өндіріс шығыны аз елдер нарықты ың-шыңсыз басып қалуы мүмкін. Қазір Біріккен Араб Әмірліктері осылай істеп отырған тәрізді. Бұл өндіріс шығыны жоғары елдерді нарықтан шығарып тастайды. Экономикасын уақытында әртараптандырмаған елдер қазіргі Венесуэланың кебін киіп, экономикасы коллапсқа ұшырайды... - деген болжам бар.

Саланың бір тармағы – мұнай-сервис. Қазақстандық мұнай-сервис компаниялар одағы «қазақстандық компания» мәртебесін қайта қарауды ұсынады. Қолданыстағы заң бойынша шетелдік азаматтар мен заңды тұлғалар «жұмыс пен қызмет ұсынатын қазақстандық өндіруші» мәртебесін ала алады, ол үшін штаттың 95 проценті қазақстандық азаматтар болса, болғаны.

Ал түскен табыс түгел шетелге, компанияның бас кеңсесіне кетеді. Сонымен бірге жер қойнауын пайдалану саласында өткізілетін тендерлерде 20 проценттік жеңілдікке де ие бола алады. Мұнай-сервистік компаниялар одағының төралқа төрағасы Рашид Жақсылықовпен сұхбат.


Хабарламаларға жазылу