British Petroleum теңіздегі апат үшін АҚШ-қа 20 млрд доллар төлейді

06.04.2016
British Petroleum   теңіздегі апат үшін  АҚШ-қа  20 млрд доллар  төлейді
British Petroleum   теңіздегі апат үшін  АҚШ-қа  20 млрд доллар  төлейді

2010 жылы Мексика шығанағында болған апатқа байланысты British Petroleum концерні 20 млрд доллар өтемақы төлейтін болды. Ағылшын компаниясы бұл соманы қоршаған ортаға тигізген зардабына байланысты АҚШ-қа төлемек.

Нью-Орлеан соты АҚШ үкіметі мен British Petroleum концерні арасындағы уағдаға келісімін берді. Нәтижесінде концерн АҚШ үкіметіне 20 млрд доллар төлейтін болды. Бұл қаржыны мұнай компаниясы 16 жыл ішінде төлеп бітуі тиіс.

British Petroleum   теңіздегі апат үшін  АҚШ-қа  20 млрд доллар  төлейді
АҚШ Әділет министрлігі таратқан деректерге қарағанда ағылшын концернінің нақты төлеуге тиіс сомасы 20,8 млрд долларды құрайды. Бұл қоршаған ортаға тигізген зиянға байланысты АҚШ тарихында төленетін ең ірі көлемдігі өтемақы саналып отыр. Бұрын-соңды мұндай көлемде зиян келтірген әрі табиғатты бүлдіргені үшін айып төлеген ешкім болмаған. Оның үстіне осы келісім АҚШ билігі мен жеке меншік құрылым арасында жасалған ең ірі азаматтық келісімнің қатарына кіріп отыр.

Естеріңізге салар болсақ, 2010 жылдың 20 сәуірінде Мексика шығанағындағы British Petroleum концерніне тиеселі мұнай платформаларының бірінде апат болып, 11 адам қаза тапқан еді. Апаттың салдарынан 473 млн литр мұнай теңізге жайылған болатын. Ал, British Petroleum осы апаттың салдарын жою үшін жұмсалған, түрлі айыппұлдар мен келісім-шарттарға кеткен шығындардың көлемі 53 млрд долларға жеткенін мәлімдеді.


Kaznews.kaztrk.kz

Хабарламаларға жазылу