Басты Жаңалықтар Қазақстандық солист Салтанат Ахметова «Үлкен опера» жобасының финалына шықты

Қазақстандық солист Салтанат Ахметова «Үлкен опера» жобасының финалына шықты

Қазақстандық солист Салтанат Ахметова «Үлкен опера» жобасының финалына шықты

Музыкалық марафон 4 қазанда бастау алған.

Жобаға қатысушылар – Қазақстан, Алмания, Ресей, Беларусь, Әзірбайжан, Өзбекстан және Армения вокалистері.

Қазылар алқасы – КСРО Халық әртісі, опера сахнасының әлемдік жұлдызы Елена Образцова, РСФКР Халық әртісі, сопрано Галина Калинина, мәскеулік «Геликон-Опера» музыкалық театрының көркемдік жетекшісі, Ресейдің Халық әртісі Дмитрий Бертман, сондай-ақ, веналық операның интенданты Иоан Холендер.

Салтанат Ахметованың айтуынша, бұл - оның кәсіптік тұрғыдан шыңдалуына үлкен серпін берген алғашқы тележоба.

Жобаның шешуші шығарылымы 29 қарашада П.И. Чайковский атындағы Мәскеу мемлекеттік консерваториясының Үлкен залында тікелей эфирде өтеді.

Салтанат Ахметованың реттік нөмірі – 7375. 7375 нөміріне «1» санын жазып, SMS жолдау арқылы дауыс бере аласыздар.

Дауыс беру 29 қарашаға дейін жалғасады.

Бөлісу