Жастар арасындағы үздіктерге «Дарын» сыйлығы табысталды
Елордада «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаттары марапатталды. Үздік деп танылғандар «Ғылым», «Театр және кино», «Журналистика», «Спорт», «Эстарада» сынды 10 аталым бойынша марапатқа ие болды. Олардың ішінде спортшы Элизабет Тұрсынбаева, актер Аян Өтепберген, композитор Данара Мұсахан бар. Жалпы, жүлденің өзі жыл сайын талантты азаматтардың қоғамдық, шығармашылық, ғылыми жұмыстарын ынталандыру мақсатында табысталады. Байқаудың шарттары бойынша, үміткерлердің жасы 29-ға дейін болу қажет. Мемлекеттік сыйлық 1992 жылдан бері табысталып келеді. Осы уақытқа дейін жүздеген дарынды жас осындай биік баға мен құрметтің иесі атанып, «Дарын» төсбелгісін тақты.
Фариза МҰСАҚЫЗЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Олимпиада: Қазақстандық атлеттер спорттың 5 түрінен бақ сынайды
17.02.2026, 20:54
Софья Самоделкина мұз айдынына шығады
17.02.2026, 20:53
Кіші Арал: «Көкарал» бөгеті 2 метрге көтеріледі
17.02.2026, 20:50
Алтын өндірісі цифрландырылып, өнім көлемі ұлғайды
17.02.2026, 20:48
АҚШ-Иран келіссөзі аяқталды
17.02.2026, 20:47
Жаңа Конституция – ел дамуының жаңа кезеңі
17.02.2026, 20:44
Жаңа Конституция жобасына еуропалық сарапшылар үн қосты
17.02.2026, 20:42
Жаңа Конституция жобасы ғылыми ортада сараланды
17.02.2026, 20:40