Алматыда ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында БАҚ арасындағы байқау қорытындыланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында БАҚ арасындағы байқау қорытындыланды

07.12.2021
Алматыда ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында БАҚ арасындағы байқау қорытындыланды

Алматыда ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында БАҚ арасындағы байқау қорытындыланды.

"Алматы қаласының COVID-19 қарсы күресі және халықты вакцинациялау туралы үздік материал" аталымында Ұлттық арнаның журналисі Жазира Оразқызы жеңімпаз атанып, сертификат пен сыйлық табысталды. Байқау қорытындысы бойынша жалпы 20 журналист марапатталды.

 «Біздің байқауымыздың басты тақырыбы – Алматының жетістіктері, осы 30 жыл ішінде қандай болды. Алматы аумағы жағынан ғана емес, сапасы жағынан да өсті. Бізде ең дарынды адамдар, ең дамыған бизнес сектор, бізде жастар қаласы, жоғары оқу орындарының қаласы, экономика қарқынды дамып келе жатқан қала бар. Жалпы ел өміріңдегі әрбір белес сіздердің назарларыңыздан қалған емес. Қалам мен микрофонның құдыреті халқымызды тың белестерге жетелеуде. Қиын сын жылдарында жағдайдың күрделі екенін сезінумен қатар адамдарға қиындықтан шығу жолдарын түсіндірдіңіз», - деп атап өтті Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров.

Алматы әкімдігі бүкіл журналистік корпусты қаланың дамуы мен қалыптасуындағы нақты серіктес ретінде қарастырады. Әкімдік жыл басынан бері 300-ден астам баспасөз конференциясын өткізді. Спикерлерге 3 мыңға жуық сұрақ қойылды. Барлығы бірлескен жұмыстың арқасында БАҚ-та 8,5 мыңға жуық материал және 350-ден астам сюжет жарияланды.

Хабарламаларға жазылу