Павлодарда дарынды жастар марапатталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодарда дарынды жастар марапатталды

29.11.2019

Жастар жылына орай Павлодардың дарынды жастары марапатталды. Аймақта биыл алғаш рет «Ертіс дарыны» деп аталатын сыйақы тағайындалды. Оған үміткер ретінде тіркелген 300-ден астам сала қызметкерлері 10 номинация, тарқатып айтқанда «Қоғамдық қызмет», «Мәдениет», «Кәсіпкерлік», «Өндіріс қызметкері, «Эстрада», «Білім және ғылым», «Еріктілер», «Журналистика», «Спорт» бағыты бойынша сыналды. Интернет дауыс беруге 67 мың адам қатысқан. Ал, топ жарып ақтық бәсекеге шыққан жеңімпаздарды қазылар анықтады. Жас офицер Мансұр Рамазанов «Ерлігі үшін» берілетін марапатқа бірауыздан лайық деп танылды. Ішкі тәртіпті қадағалау бөлімшесінде қызмет атқару барысында ол бірнеше адамды өлім аузынан аман алып қалды.

Болат АМАНБАЕВ

Хабарламаларға жазылу