Қазақстандық «Ана» күміс монетасы халықаралық «Монета шоқжұлдызы- 2015» байқауында жүлдеге ие болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандық «Ана» күміс монетасы халықаралық «Монета шоқжұлдызы- 2015» байқауында жүлдеге ие болды

22.07.2015
Қазақстандық «Ана» күміс монетасы халықаралық «Монета шоқжұлдызы- 2015» байқауында жүлдеге ие болды

Ұлттық банк шығарған 500 теңгелік «Ана» ескерткіш күміс монетасы Ресейде өткен халықаралық «Монета шоқжұлдызы - 2015» байқауында «Жыл монетасы» номинациясы бойынша 3-ші орынға ие болды. Ал, Галилео Галилейдің 450 жылдығына арналған Санкт-Петербург монета сарайының монетасы «үздік» атанса, Париж монета сарайының «Баккара» монетасы 2-ші орынды иеленді.

Айта кетейік, «Ана» күміс монетасының бет жағынның (аверсінің) орталық бөлігінде өю-өрнектермен әрленген жүрек бейнесі мен монетаның номиналын білдіретін «500 ТЕҢГЕ» деген жазба орналасқан. Сондай-ақ, металлдың, оның сынамасы мен массасын білдіретін «Ag 925 31,1 g» деген жазба бар.

Монетаны айналдыра жалпақ күңгірт жиек жүргізілген. Оның үстінде «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» және «NATIONAL BANK OF KAZAKHSTAN» деген жазу бар.

Монетаның сырт жағының (реверсінің) орталық бөлігінде күннің және ана мен баланың бейнесі бейнеленген. Сонымен қатар, «АНА», «МАМА» деген жазба мен монетаның соғылған жылы көрсетілген.

Ал, монетаны айналдыра «ЖҮРЕКТЕН ЖҮРЕККЕ», «ОТ СЕРДЦА К СЕРДЦУ» және «FROM HEART TO HEART» деп жазылған. 

Хабарламаларға жазылу