«Ұлт мақтанышында» - Жамбыл Жабаев - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Ұлт мақтанышында» - Жамбыл Жабаев

20.11.2014
«Ұлт мақтанышында» - Жамбыл Жабаев

Жабаев Жамбыл – қазақ халық поэзиясының әйгілі тұлғасы, өлең сөздің дүлдүлі, жырау, жыршы. Жамбылдың өсіп-өнген топырағында ән-күй, ақындық-жыраулық өнер айрықша биікке көтерілген.

Жамбылдың ақындық дарыны жас кезінен-ақ таныла бастаған. Ол бозбала шағының өзінде ақ өскен ортасын ән мен жырға кенелтіп, тіптен көршілес қырғыз еліне де даңқы жайылып үлгерген.

Осы кезде өрттей жалындап, жұрт аузына іліккен жас Жамбыл Жетісудың дүлдүл ақыны Сүйінбайға жолығып, оның арқалы өнеріне құныға ден қойып батасын алады. Мұнан әрі жал-құйрығы сүзілген жүйріктей арындап, сол кездегі Айкүміс, Бақтыбай, Сары, Сарбас, Досмағанбет, Шашубай, Құланаян Құлманбет сияқты ақындықтың жылжыған жорға, шапқан  жүйріктерімен айтысқа түскен Жамбыл ұдайы шоқтығын асырып отырған.

Бұлар ғана емес қырғыздың Балық, Тыныбек, Қалығұл, Найманбай, Қатаған, Арыстанбек, Сағымбек сияқты ақын-жырау, манасшылармен өнер өрелестіріп, қырғыздың көл-көсір поязиясынан тағылым алады, ақындық өнерін одан әрі шыңдай түседі.

Бүгін 17.00-де «Ұлт мақтанышы» хабарынан Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылығынан толығырақ қаныға аласыздар.

Хабарламаларға жазылу