Әбілсейіт Айханов: Ешкімнен жеңілген жоқпын, бірақ одақта чемпион да болмадым - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әбілсейіт Айханов: Ешкімнен жеңілген жоқпын, бірақ одақта чемпион да болмадым

18.11.2014
Әбілсейіт Айханов: Ешкімнен жеңілген жоқпын, бірақ одақта чемпион да болмадым

Боз кілемдегі алғашқы белдесуін 19 жасында өткізген Әбілсейіт Айханов 21 жасында спорт шебері атанды. Қарсылас шақ келтірмеген палуан 30 жасында «Құрмет белгісі» орденімен марапатталды. Ол қазақ даласында Қажымұқаннан кейінгі аты аңызға айналған палуан атанды.

«Мен 8 жылдық карьерамда жауырыным жер иіскеген емес. 1961 жылы Бакуде Иваницкийді жеңдім. Ешкімнен жеңілген жоқпын, бірақ одақта чемпион да болмадым. Төрешілер ұпай береді де, сен ешқайда бармайсың дейді. Одан кейін не істей аласың? Мен үнемі ешкімнен жеңілмесем де, төртінші орын алып жүрдім», дейді Әбілсейіт ақсақал.

Жауырыны жерге тимеген түйе палуан Әбілсейіт Айханов  күреске қалай келді? Бүгін 18.35-те  Ұлттық арнадан «Әлем мойындаған Айханов» арнайы тележобасын көріңіз.

Хабарламаларға жазылу