Екібастұзға жөндеу жұмыстарына көмектесуге тағы 200 адам келді
Екібастұзға апаттық жөндеу бригадаларына көмекке барып жатқандар уақыт санап артып келеді. Бүгін тағы 200-ден аса адам қосылып, жұмыс істеп жатқандардың саны 850-ден асты. Шаһардың орталық жылу желісі тұтастай іске қосылды. Ендігі жұмыс үйлердің кіреберісі мен жертөлесінде, пәтер ішінде жүріп жатыр. Жөндеу бригадаларының бірін Әбілсейіт Әбубәкіров басқарады. Оның қарамағындағы 34 адам 3 топқа бөлінген. Олар қатып қалған құбырларды қыздырып, жарылған батареяларды алмастыруға жәрдемдесіп жүр. Бригада соңғы пәтерге жылу берілгенге дейін кеншілер қаласында болмақ.
Әбілсейіт Әбубәкіров, Жөндеу бригадасының жетекшісі:
Әрине аяғына дейін боламыз. Мына жұмыстарды бітірмей біз ешқайда кетпейміз. Суды, жылуды беріп, халықпен бірге осындамыз. Біз бұнда 29 қарашадан жүрміз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Варшавада Қазақстанның кемсітушілікке қарсы заң жобасы таныстырылды
14.10.2026, 20:16
Әлем жаңалықтарына шолу
14.10.2026, 20:15
Оқушылардың жаппай улануы: Қылмыстық іс қозғалды
14.10.2026, 20:11
3 жылға арналған бюджет жоспары таныстырылды
14.10.2026, 20:06
Екпенің алғашқы дозасы 6500-ге жуық жасөспірімге салынған
14.10.2026, 20:05
Креативті индустрияның экономикаға қосқан үлесі 2,7 триллион теңгеге жетті
14.10.2026, 20:04
Мемлекет басшысы Вице-Президентті қабылдады
14.10.2026, 20:04
Азия елдері кеңеске жиналады
14.10.2026, 20:03