Алматы қаласы әкімінің орынбасары мен аппарат басшысы тағайындалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы қаласы әкімінің орынбасары мен аппарат басшысы тағайындалды

19.08.2015
Алматы қаласы әкімінің орынбасары мен аппарат басшысы тағайындалды

Бұл туралы Алматы әкімшілігінің баспасөз қызметінен мәлім болды.

Алматы әкімінің орынбасары  болып осыған дейін Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарып келген  Ерлан Әукенов тағайындалды. Аталмыш лауазымда ол өнеркәсіп, бизнес пен индустриялды-инновациялық даму бағыттарын үйлестіреді, деп жазады vlast.kz.

Е.Әукенов 31 жаста, Алматыда туылып, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен  Ұлыбританияның  Бредфорд университетін, сондай-ақ Халықаралық бизнес академиясын  бітірген, МВА дәрежесінің иесі.    

Әр жылдары Білім және ғылым министрлігінде, Шығыс Қазақстан облысының әкімдігінше, Президенті Әкімшілігінде мемлекеттік инспектор болған.

Алматы әкімі аппаратының башысы болып, Марат Сембеков тағайындалды.   

33 жасар  М.Сембеков әр жылдарда Әділет, Экономика және бюджетті жоспарлау министрліктері мен Премьер-Министр кеңесесінде қызмет етіп, әкімшілік-құқықтық және заң бөлімдерінің меңгерушісі болған. Сондай-ақ Республикалық бюджеттің орындалуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің аппарат басшысы  болған. 2010-2014 жылдан бері мемлекеттік инспектор, одан соң Президент әкімшілігінің мемлекеттік бақылау бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарған.    

 

Хабарламаларға жазылу