Ақмола облысының әкімі есеп берді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақмола облысының әкімі есеп берді

22.02.2014
Ақмола облысының әкімі есеп берді
 
Көкшетауда Ақмола облысының әкімі Қосман Айтмұхаметов өткен жылды саралап, халық алдында қорытынды есеп берді. Баяндама жасаған өңір басшысы әрбір салада атқарылған жұмыстарды жіліктеп шықты. 2013 жылдың қорытындысында, аймақтық ішкі жалпы өнім жоспары 105,9 пайызға орындалған. Ауыл шаруашылығы, көлік және сауда-саттық саласындағы жетістіктің арқасында экономикалық өсім 938 миллиард теңгеге жетті. Бірқатар жаңа кәсіпорын іске қосылып, 10 мыңнан астам жаңа жұмыс орыны ашылды.
 
Қосман Айтмұхаметов, Ақмола облысының әкімі:
Үстіміздегі жылы Ақкөл ауданында тәулігіне 100 тонна өнім шығаратын «Эко Милк» сүт зауытын іске қосуды жоспарлап отырмыз. Жауапкершілігі шектеулі «Агример-Астық» серіктестігі майлы дақылдарды қайта өңдейтін цехты іске қоспақшы. «Астана Агропродукт» және «Агрофирма Родина» кәсіпорындарының қуаттылығы анағұрлым арта түспек.
 
Ерболат ТӨЛЕГЕНҰЛЫ
 

Хабарламаларға жазылу