«Қарағандыда жоғалғандар» фильмі ең үздік еуропалық фильм ретінде танылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қарағандыда жоғалғандар» фильмі ең үздік еуропалық фильм ретінде танылды

10.03.2015
«Қарағандыда жоғалғандар» фильмі ең үздік еуропалық фильм ретінде танылды

Осыған дейін «Қарағандыда жоғалғандар» фильмі 2014 жылдың ең үздік деректі фильмі номинациясында жеңіп, California Film Awards сыйына ие болды.

ҚР Сыртқы істер министрлігінің қаржылай көмегімен «Nexos» Ассоциациясының өкілдері 2014 жылдың барысында Карлагта тұтқындалған испандықтар туралы 50 минуттық толық метражды деректі фильмді бейнеге түсіру жұмыстарын жүргізді.

Фильмде осы күнге дейін көптеген испандықтарға беймәлім көзкөргендердің мәліметтері, испандықтарды Карлагқа жіберілу себептері көрсетілген.

Испаниядағы Азаматтық соғыс, Екінші Дүниежүзілік соғыс барысында өзара қарама-қарсы тұрған, бірақ бір лагерьге жиналған Испандық Республикалық партия және «Көгілдір дивизия» өкілдерінің тағдырлары көрсетілді. Фильмде идеологиялық қарсыластар өзара келіспеушіліктерді ұмытып, аман қалу үшін бір-біріне көмектесіп, табысатыны баяндалған.

Карлагта жоғалған испандықтардың жақындарына, ұрпақтарына және тарихшылар назарына олардың қамауда отырған, жерленген жерлері, аман қалғандарымен сұхбаттар, жергілікті халық пен тарихшылар мәлімдемелері ұсынылды. 

Хабарламаларға жазылу