Астанада «Самға, Балапан» жүлдесі табысталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада «Самға, Балапан» жүлдесі табысталды

23.09.2017
Астанада «Самға, Балапан» жүлдесі табысталды

Бүгін Астанада Бейбітшілік және келісім сарайында «Balapan» телеарнасының 7 жылдығына арналған «Самға, Балапан» телевизиялық жүлдесімен марапаттау рәсімі өтті.  

Концертке дейін «Balapan» арнасының кішкентай жүргізушілері мен актерлері, сондай-ақ әнші Бағдат Сәмединова, Клара Төленбаева, актер Әділ Ахметов, тележүргізуші Айсұлу Рыспанова, Жансерік Бейсеев,«Нұрсәулем-ай» би ансамблі «сары» кілемнен жүріп өтті. Келген қонақтар балғындарға арнап жүрекжарды тілектерін білдірді.   

«Balapan» арнасының 7 жылдығына арналған концертті Мәжіліс депутаты Зағипа Балиева мен арна директоры Жанар Шәмел ашып берді.  

Телевизиялық жүлдеде келесі номинациялар бойынша үздіктер анықталды.

 

Ең үздік тікелей  эфир жүргізушісі 

Барлық тележүргізушілер

 

Ең үздік бағдарлама жүргізушісі

Милана – «Балапан news»

Ернар – «Бауырсақ»

Талғар – «Шытырман»

Нұрдәулет – «Жүзден жүйрік»

Қарлығаш –  «Он саусақ» (2014)

 

Ең үздік анимациялық фильм

«Көжектер»

 

Ең үздік ойын-сауықтық бағдарлама

«Бала тілі – бал»

 

Ең үздік дубляж

 

«Питер Пен» - қарақшының дауысы

Ең үздік сценарий авторы

Мұратжан Шомбалов –  «Әли мен Айя» анимациялық фильмінің сценарий авторы

 

Ең үздік режиссер

Ахат Ибраев - «Санжар мен Қайсар» телехикаясының режиссері

 

Ең үздік спорттық бағдарлама

«Жүзден жүйрік»

 

Ең үздік музыкалық бағдарлама

«Караоке»

 

Ең үздік танымдық бағдарлама

«Білгіштер бекеті»

 

Ең үздік интелектуалдық бағдарлама

«Квест»

 

 Ең үздік әзіл-сықақтық бағдарлама

«Қуыр, қуыр, қуырмаш!»

 

Ең үздік телехикая

«Томпақ»

 

Шара соңында арна көрермендеріне тәттілер үлестірілді.

Хабарламаларға жазылу