Криштиану Роналду Еуропа чемпионаты тарихында үздік шабуылшы атанды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Криштиану Роналду Еуропа чемпионаты тарихында үздік шабуылшы атанды

15.11.2014
Криштиану Роналду Еуропа чемпионаты тарихында үздік шабуылшы атанды

Португалияның Фару қаласында Euro-2016 іріктеу турнирінің Армения командасына қарсы өткен матчында Криштиану Роналду ойынның 71-ші минутында өзінің Еуропа чемпионатындағы 23-ші голын соқты. Бұл оның ел құрамасындағы 52-ші голы еді. Португалия-Армения матчы 1:0 есебімен алаң иелерінің пайдасына шешілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Айта кетейік, жалпы карьерасында футболшы 450 гол соққан. 

Бес голды ол «Спортинг» (Лиссабон) үшін, 118 голын - «Манчестер Юнайитед» үшін, ал 275 голын «Реал» клубы үшін және 52-сін ұлттық команда үшін соққан.

Хабарламаларға жазылу