«Kazsport» телеарнасы «The best FIFA Football Awards 2016» марапаттау рәсімін тікелей эфирде көрсетеді (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Kazsport» телеарнасы «The best FIFA Football Awards 2016» марапаттау рәсімін тікелей эфирде көрсетеді (ВИДЕО)

29.12.2016
«Kazsport» телеарнасы «The best FIFA Football Awards 2016» марапаттау рәсімін тікелей эфирде көрсетеді (ВИДЕО)

2017 жылы 9 қаңтарда  FIFA-ның штаб-пәтері орналасқан Цюрих қаласында «The best FIFA Football Awards 2016» марапаттау рәсімі өтеді.

Аталмыш шарада ерлер мен әйелдер арасындағы 2016 жылдың қорытындысы бойынша «Үздік футболшы», «Үздік бапкер» және «Үздік гол» авторы есімдері жарияланады.

Әлемнің үздік бапкері атануға АПЛ-да сенсация жасаған ағылшындық «Лестердің» бас бапкері Клаудио Раньери, Еуропа чемпионы атанған Португалия Ұлттық құрамасын жаттықтыратын Фернанду Сантуш  пен Чемпиондар лигасында топ жарған мадридтік «Реалдың» бас бапкері Зинедин Зидан таласады.

Ал, 2016 жылғы ең әдемі гол авторына берілетін Ференц Пушкаш премиясын алуға бразилиялық «Коринтианстың» жартылай қорғаушысы Марлон, 17 жасқа дейінгі Венесуэла қыздар құрамасының футболшысы Данюшка Родригес пен малайзиялық «Пенанг» клубында өнер көрсететін Мохд Фаиз Субри үміткер атанды.

Франция Ұлттық құрамасы мен мадридтік «Атлетиконың» жарқын жұлдызы Антуан Гризманн, каталониялық «Барселона» сапында өнер көрсететін аргентиналық шабуылшы Лионель Месси мен Португалия құрамасымен Еуропа чемпионы атанған «Реалдың» шабуылшысы Криштиану Роналду үздік үштікке кіріп, 2016 жылдың Халықаралық футбол федерациясының нұсқасы бойынша 2016 жылдың «Үздік футболшысы» атану үшін талас жүргізеді.

Естеріңізге сала кетейік, Марапаттау рәсімін «Kazsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Хабарламаларға жазылу