К.Роналду Португалия құрамасындағы 200-ші ойынын өткізеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

К.Роналду Португалия құрамасындағы 200-ші ойынын өткізеді

20.06.2023

Әйгілі футболшы Криштиану Роналду Португалия құрамасындағы 200-нші ойынын өткізеді. Бүгін ол 2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Исландияға қарсы ойнайды. 38 жастағы шабуылшы Португалия сапында 199 ойынға қатысып, 122 гол соққан. Роанлду Португалия құрамасы сапында ойнаудан ешқашан бас тартпайтынын жеткізді. Айтуынша, 200 матч ойнау әркімге бұйыра бермейді. Бұл туған еліме және командама деген сүйіспеншілігім, деді. Ойынды түнгі 00:35-те Ұлттық арна тікелей эфирде көрсетеді. 

Асылбек Данияр

Хабарламаларға жазылу