Криштиану Роналду тағы да «Алтын допты» иеленді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Криштиану Роналду тағы да «Алтын допты» иеленді

13.01.2015
Криштиану Роналду тағы да «Алтын допты» иеленді

Мадридтік «Реал» футбол клубы мен Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду 2014 жылдың үздік футболшысы атанып, «Алтын допты» иеленді.

Ол 37,66 пайыз дауыс жинап, Германия құрамасының голкипері Мануэль Нойер (15,72) мен «Барселона» командасының шабуылшысы Лионель Мессиден (15,76) озды.

Жалпы, үздік футболшыны анықтау үшін дауыс беруге 181 бапкер, 182 құрама капитаны, 181 БАҚ өкілі қатысқан.

Айта кетейік, өткен жылы Криштиану Роналду «Реал» командасымен Чемпиондар Лигасын, Испания Кубогын, УЕФА Суперкубогын, клубтық Әлем чемпионатын жеңіп алды.

Ал, жылдың үздік бапкері - Йоахим Лев (Германия құрамасы).

Колумбия құрамасының және «Реал» командасының шабуылшысы Хамес Родригес үздік голдың авторы атанып, Ференц Пушкаш атындағы жүлдені иеленді.

Әйелдер арасында Германия құрамасы мен «Вольфсбург» командасының жартылай қорғаушысы Надин Кесслер 2014 жылдың үздік футболшысы атанды.

2014 жылғы ФИФА құрамасы: қақпашы: Мануэль Нойер (Германия, «Бавария»), қорғаушылар: Давид Луис (Бразилия, «Пари Сен-Жермен»), Филипп Лам (Германия, «Бавария»), Серхио Рамос (Испания, «Реал»), Тиаго Силва (Бразилия, «Пари Сен-Жермен»); жартылай қорғаушылар: Анхель Ди Мария (Аргентина, «Манчестер Юнайтед»), Андрес Иньеста (Испания, «Барселона»), Тони Кроос (Германия, «Реал»); шабуылшы: Криштиану Роналду (Португалия, «Реал»), Лионель Месси (Аргентина, «Барселона»), Арьен Роббен (Нидерланд, «Бавария»).

Сондай-ақ, ФИФА президентінің жүлдесі жапониялық журналист Хироси Кагавеге бұйырды.

Хабарламаларға жазылу