Мекемтас Мырзахметов: Абай мұрасын сүйреп шыққандардың бірі – Құдайберген Жұбанов - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мекемтас Мырзахметов: Абай мұрасын сүйреп шыққандардың бірі – Құдайберген Жұбанов

14.11.2014
Мекемтас Мырзахметов: Абай мұрасын сүйреп шыққандардың бірі – Құдайберген Жұбанов

Бүгін Астанада халықаралық Түркі академиясының ұйымдастыруымен «Құдайберген Жұбанов мұрасы және түркітанудың өзекті  мәселелері» атты ғылыми-тәжірибелік дөңгелек үстел жұмысын бастайды.

Осыған орай Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық  университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы Мекемтас Мырзахметов және «Жұбановтану» ғылыми зертханасының меңгерушісі Ардақ Есетқызы «Таңшолпанда» қонақта болды.

«Құдайберген Жұбанов дегенде бұл кісінің Абайға қатысы туралы айту керек. 1934 жылы  бұл кісінің «Абай – қазақ әдебиетінің классигі» деген мақаласы шықты. Ол кезде Абай мұрасы терістеліп жатты. Қылдың үстінде тұрды. Сол уақытта Абай мұрасын сүйреп шыққан екі адам болды. Мұхтар Әуезов пен Құдайберген Жұбанов.  Абайдың ерекшелігі не дегенде бұл кісі: «Бүкіл Орталық Азия, Таяу Шығыс бәрін алғанда, Абайға теңесетін адам болмады. Тек әзірбайжандық Ахундов қана Абайдың соңынан ілесті», -дейді. Ол кісі Абайды жай ғана қазақтың жалпақ тілімен жазып, мәселені классикалық деңгейге көтерді»,-дейді профессор.

Сұхбаттың толық нұсқасын «Таңшолпаннан» көре аласыздар.

Хабарламаларға жазылу