Бейімбет Абай мен Махамбет салған ізді жалғады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бейімбет Абай мен Махамбет салған ізді жалғады

14.11.2014
Бейімбет Абай мен Махамбет салған ізді жалғады

1911-1915 жылдар аралығында Троицк қаласындағы Уәзифа медресесінде білім алған Бейімбет Майлин  әдебиетке бірден араласып кетті. Алғашқы мақаласымен-ақ әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, кейін редакторлыққа дейін көтерілді.  

Қостанайға барып, «Ауыл» газетін шығарды. Көркемсөз шеберінің қаламынан туған «Күлпаш», «Шұғаның белгісі» повестері оқырманын әлі жоғалтқан жоқ.

Бейімбет Жармағамбетұлы поэзия,  проза, драма саласында да бірдей  еңбек еткен қаламгер. Жазушы Мырқымбай бейнесі арқылы сол кездегі қоғамды айна-қатесіз суреттеді.

Ол 15-ке тарта повесть, «Азамат Азаматыч» атты роман жазды. Оның «Қызыл жалау», «Қоңсылар» атты романдары аяқталмай қалған. Мұның сыртында ол ірілі-ұсақты пьеса, либретто, сценарийлердің де авторы.

Бейімбет Майлин ақын ретінде қазақ поэзиясына жаңа ырғақ, екпін, реалистік дәстүрді әкелді. Ол Абай мен Махамбет салған ізді жалғастырды.

Толығырақ «Таңшолпаннан» көре аласыздар.

Хабарламаларға жазылу