Әнші Бейімбет Қожабаев қайда? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әнші Бейімбет Қожабаев қайда?

19.04.2018

Бейімбет Қожабаев - қазақ мәдениетінде, опера өнерінде ерекше орны бар тұлға. Қазақстанның Еңбек сіңірген әртісі. Келер жылы 70 жасқа толатын басты дауыс иесі қазір қайда?

Бейімбет Қабылдаұлы 1949 жылы Павлодар облысында туған. 1979 жылы Санкт-Петербург мемлекеттік консерваториясының вокалдық факультетін бітірген. Сахналық дебютін Ш.Гуноның «Фауст» операсынан Мефистофель партиясын орындаудан бастады.

2003 жылдан Қазақтың мемлекеттік академиялық опера және балет театры құрамында соло-әнші әрі әншілер труппасының меңгерушісі. Ол ұлттық және классикакалық операларға қатысып, Е.Г. Брусиловскийдің «Ер Тарғын», А.Жұбанов пен Л.Хамидидің «Абай», Е.Рахмадиевтің «Қамар сұлу», «Алпамыс» пен «Абылай хан», Ғ.Жұбанованың «Құрманғазы», С.Мұхамеджановтың «Жұмбақ қыз» бен «Ақан сері – Ақтоқты», Н.А. Римский-Корсаковтың «Патша қалыңдығы», П.И. Чайковскийдің «Евгений Онегин» мен «Иоланта», Дж. Россинидің «Севилья шаштаразысы», Дж. Вердидің «Риголетто», «Дон Карлос»операларында басты партияларды орындады.

Қазіргі уақытта Қазақ Ұлттық консерваториясында оқытушылық қызметпен шұғылданады.

 

Толық нұсқа

Хабарламаларға жазылу