Мәлік Ғабдуллиннің қазақ әдебиетіндегі еңбегі өлшеусіз - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәлік Ғабдуллиннің қазақ әдебиетіндегі еңбегі өлшеусіз

14.11.2014
Мәлік Ғабдуллиннің қазақ әдебиетіндегі еңбегі өлшеусіз

Қаһармандығымен қоса, қаламгерлігімен де танылған Мәлік Ғабдуллиннің өмір жолы өнегеге толы. Қазақ зиялыларының батасын алған Мәліктің әдебиет әлеміндегі орны айрықша. Соғыс басталғанда Мәлік Ғабдуллин алғашқылардың бірі болып, өз еркімен майданға аттанды.

Кескілескен шайқаста ол Панфилов атындағы 8-гвардиялық дивизия құрамында болды. Қаһармандығы үшін оған Кеңес одағының батыры, «Ленин» ордені, «Алтын жұлдыз» атақтары берілді.

Жазушы, ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор Мәлік Ғабдуллиннің қазақ әдебиетіндегі еңбегі өлшеусіз. Оның көптеген ғылыми еңбегі мен монографиялары, әңгімелері халқымыздың өшпес мұрасына айналды. Бүгінде сол еңбектерінің барлығы Көкшетау қаласындағы батыр есіміне берілген музейде сақтаулы.

Батыр өмірінен сыр шертетін музей турасында «Таңшолпаннан» көріңіз.

Хабарламаларға жазылу