Алматылық оқушылар халықаралық олимпиададан жүлделі оралды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматылық оқушылар халықаралық олимпиададан жүлделі оралды

13.08.2019

Біздің озат оқушылар информатика пәнінен Әзірбайжан астанасы Бакуде өткен XXXI Халықаралық олимпиадада топ жарды. Елімізден барған 4 шәкірт жүлдегер атанып, 1 алтын, 1 күміс және 2 қола медаль иеленді.

Аталған додаға 88 мемлекеттен іріктелген 327 үміткер қатысқан. Ал жалпыкомандалық көрсеткіштің нәтижесінде жерлестеріміз жүлделі орыннан көрінді. Бұл - осы олимпиада бойынша ел тарихындағы 3-ші алтын медаль. Қазақстандықтар соңғы рет 2007 жылы Хорватияда болған білім жарысында екі бірдей бас жүлдемен оралған. Енді жас информатиктер келер жылы Сингапурде өтетін халықаралық олимпиадаға дайындалмақшы.

Фуад Гаджиев, мұғалім:

Ең алдымен балаларға рақмет айтқым келеді. Олар бұл сайысқа өте жоғары дайындықпен барды. Бұл - елеулі еңбектің нәтижесі. 12 жыл күткен алтынымызға қол жеткіздік. Сонымен қатар, бізге қолдау көрсеткен ата-аналарға, мұғалімдерге де зор алғыс білдіремін. Осындай ауқымды олимпиададан жүлдемен оралу - бәріміз үшін зор мәртебе.

Нұрхан НҰРЛАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу