Семейлік оқушылар «Planet of arts» байқауынан жүлделі оралды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Семейлік оқушылар «Planet of arts» байқауынан жүлделі оралды

06.11.2014
Семейлік оқушылар  «Planet of arts»  байқауынан жүлделі оралды

Фестиваль тақырыбы - әлем халықтарының музыкасы, биі, әндері, сәні мен қолөнері.

Шараға Ресей өңірлерінен, таяу шетелден 500-ден астам бала қатысты.

Фестиваль қорытындысы бойынша Семей қаласындағы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған балет мектебі жоғары көркем шеберлігі мен елдер арасындағы достық пен келісімді қолдағаны үшін «Классикалық хореография» номинациясының Гран-приін ұтып алды.

Байқау мақсаты - түрлі елдің мәдениетін насихаттау, балалар арасында шығармашылықты дамыту.

Хабарламаларға жазылу