Оралда Ақұштап Бақтыгерееваның 70 жасқа толуына орай мерейтойлық шаралар өтуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оралда Ақұштап Бақтыгерееваның 70 жасқа толуына орай мерейтойлық шаралар өтуде

24.09.2014
Оралда Ақұштап Бақтыгерееваның 70 жасқа толуына орай мерейтойлық шаралар өтуде

Бүгін Орал қаласында белгілі ақын, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының және Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ақұштап Бақтыгерееваның 70 жасқа толуына орай мерейтойлық шаралар өтуде.

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде өткен республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияда Серікқали Шарабасов, Зейнолла Мүтиев, Ұлдай Ержанова ақын шығармашылығы жөнінде баяндама жасаса, сондай-ақ, шара барысында ақын өлеңдері оқылып, сөздеріне жазылған әндер орындалды.

Кеш «Жайықтан есті самал жыр» атты фотокөрмеге ұласып, Ақұштап Бақтыгерееваның жаңа үш томдық жинағының тұсауы кесілмек.  Содан кейін мерейлі той «Жайықтан ұшқан аққу-жыр» атты әдеби-мәдени кешке жалғасады.

Хабарламаларға жазылу