Астанада Ақұштап Бақтыгерееваның шығармашылық кеші өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада Ақұштап Бақтыгерееваның шығармашылық кеші өтті

14.11.2014
Астанада Ақұштап Бақтыгерееваның шығармашылық кеші өтті

«Ақ қыз, ақ ана, ақ әже», «Ақ Жайықтың ақ шағаласы», ондаған жыр-жинақтарының авторы атанған ақын Ақұштап Бақтыгерееваның Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапханасында «Даламның қарлығаштары» атты оқырмандармен шығармашылық кездесуі өтті.

Жиналған қонақтар арасында әйгілі ақындар, әдебиет зерттеушілері мен Ақұштап апамыздың шәкірттері болды.

Ақынның шығармашылығы, бүгінгі әдебиеттің жағдайы туралы сөз қозғалып, Ақұштап Бақтыгерееваның жырларынан үзінді оқылды.          

 

Зарина БҮЙЕНБАЙ

Хабарламаларға жазылу