Иманғали Тасмағамбетов: Талғат Бигелдиновтің ғұмыры Отанға адал қызмет етудің жарқын үлгісі бола білді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Иманғали Тасмағамбетов: Талғат Бигелдиновтің ғұмыры Отанға адал қызмет етудің жарқын үлгісі бола білді

11.11.2014
Иманғали Тасмағамбетов: Талғат Бигелдиновтің ғұмыры Отанға адал қызмет етудің жарқын үлгісі бола білді

«Қазақстан Қарулы Күштері әскери қызметшілерінің атынан және жеке өз атымнан даңқты ұшқыш, екі мәрте Кеңес одағының батыры Талғат Жақыпбекұлы Бигелдиновтің қайтыс болуына байланысты марқұмның туған-туыстарына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамын.

Бұл – біз үшін орны толмас қаза. Қазақ халқы елінің шынайы патриоты һәм қаһарман ұлынан айырылды. Көзі тірісінде аты аңызға айналған адам, көрнекті тұлға және қоғам қайраткері өмірден озды.

Оның саналы ғұмыры Отанға адал қызмет етудің жарқын үлгісі болды. Атақты ұшқыш Талғат Бигелдинов  Отан соғысы жылдарында жанқиярлықпен шайқасып, ерліктің ерен үлгісін көрсетсе, бейбіт өмірде отандық авиацияның дамуына зор үлес қосты.

Бүгінде Қазақстан армиясы үшін ұшқыштар даярлайтын Ақтөбедегі Әуе қорғанысы күштерінің Әскери институтына батыр есімі берілген. Талғат Бигелдиновтің есімі елінің шынайы патриоты, адал, принципшіл азаматы ретінде халықтың жадында мәңгілік сақталып, мемлекетіміздің әскери тарихында алтын әріппен жазылып қалатыны ақиқат.

Біз өз өмірін халқы мен мемлекетіне адал қызмет етуге арнаған Талғат Жақыпбекұлының ерлігі мен қаһармандығына әрқашан басымызды иеміз», делінген көңіл айту хатында.
 

 

Хабарламаларға жазылу