Алматы облысында қаза тапқан полиция қызметкерлерінің туыстарына мемлекеттік наградалар табысталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы облысында қаза тапқан полиция қызметкерлерінің туыстарына мемлекеттік наградалар табысталды

28.01.2022

Алматы облысында жаппай тәртіпсіздік кезінде ерлікпен қаза тапқан полиция қызметкерлерінің туыстарына мемлекеттік наградалар тапсырылды. Өңірге барған Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев арнайы жасақ қызметкері Дархан Барғанаевтың анасына ІІ дәрежелі «Айбын» орденін, Әділет прапорщигі Ербол Ержановтың жарына ІІІ дәрежелі «Айбын» орденін табыстады. 2 қызметкер де лаңкестердің ғимараттарға шабуылы кезінде қаскөйлердің оғынан мерт болды. «Олар біз үшін әрқашан Отанға адал қызмет етудің, ерліктің үлгісі болады», – деді министр. 

Гүлім Ержанова, Ербол Ержановтың жары: 

Талай ер азаматтар құрбандық болып кетті ғой. Еркек тоқты құрбандық дейді. Артта қалған жастарға сабақ болады деп ойлаймын. Мұндай жағдай болмасын. Елімізде тек бейбітшілік болсын! Қазақстан жақсы ел болсын! 

Қуаныш Қанатұлы





Хабарламаларға жазылу