Тәуелсіздіктің ұлы мұраттары жолындағы парыз бен жауапкершіліктің бүкілхалықтық мерекесі - ҚХА - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тәуелсіздіктің ұлы мұраттары жолындағы парыз бен жауапкершіліктің бүкілхалықтық мерекесі - ҚХА

07.05.2016
Тәуелсіздіктің ұлы мұраттары жолындағы парыз бен жауапкершіліктің бүкілхалықтық мерекесі - ҚХА

Қазақстан халқы Ассамблеясының Кеңесі барша қазақстандықтарды Отан қорғаушы күнімен құттықтады.

Құрметті отандастар!

 Қазақстан халқы Ассамблеясы Сіздерді Отан қорғаушы күнімен шын жүректен құттықтайды! 

Бұл - қазақстандық патриотизм мен азаматтық кемелдіктің, Азаттық пен Тәуелсіздіктің ұлы мұраттары жолында Отанға адал қызмет етудің символына айналған парыз бен жауапкершіліктің бүкілхалықтық мерекесі.

Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы жылы Отан қорғаушылар күні біздің еліміз бен халқымыздың басты ұстанымдарының ерекше жарқын символы болып табылады. 

Біз жүрегінің қалауымен және кәсіби борышына сай «Отан қорғаушы» деген биік атаққа ие болып жүргендерді бұл күні салтанатты түрде ұлықтаймыз.

Біз өз өмірін Отанына қызмет етуге арнаған рухы күшті адамдарға - шаштарын қырау шалған және кеудесі наградаға толы майдангерлерден бастап, қазіргі Қазақстанның Қарулы Күштерінің ел мүддесін, бейбітшілік пен азаматтарымыздың қауіпсіздігін сенімді түрде қорғап, әскери қызметті лайықты атқарып жүрген сарбаздарына, офицерлері мен генералдарына деген құрметімізді білдіреміз.

Құрметті Отан қорғаушылар!

Осынау күні өздеріңізге деген денсаулық, бақыт, тыныштық пен береке тілеген ең ізгі тілектерімізді қабыл алыңыздар. 

Қасиетті борыштарыңызды орындауда әрдайым азаматтылық пен ержүректіліктің, рухы беріктік пен өзіне деген сенімнің және қайсар ерік-жігердің өнегесі болып қала беріңіздер. 

Мереке құтты болсын!

Қазақстан халқы Ассамблеясының Кеңесі 

inform.kz

Хабарламаларға жазылу