Қуандық Қыстықбаев: «Кузбасс құрмет ордені» - мен үшін үлкен марапат - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қуандық Қыстықбаев: «Кузбасс құрмет ордені» - мен үшін үлкен марапат

11.11.2014
Қуандық Қыстықбаев: «Кузбасс құрмет ордені» - мен үшін үлкен марапат

Жақында актер Қуандық Қыстықбаев «Қасым» фильміндегі рөлі үшін РФ, Кемеров облысының губернаторы Аман Ғұмырұлының атынан «Кузбасс құрмет орденімен» марапатталды. Осыған орай актер «Таңшолпанға» қонаққа келген еді.

«Мен түскен фильмдердің халықаралық фестивальдерде  жүлдесіз қалғаны жоқ екен.  Бұл – мен үшін зор жетістік. Осы «Қасымның» өзі 9 мамырда көрерменге жол тартқаннан кейін, араға он күн салмастан, Севастопольде «Ең үздік фильм» атанды.  Енді  міне, Аман ағамыз сонау Ресейде тұрса да, қаны тартып бұл жүлдені маған беріп жатыр. Бұл – мен үшін үлкен құрмет».

Қасым батырдың рөліне қалай бекігені турасында актер: «Бұл фильм қазақтың батыры Қасым туралы болғандықтан, рөлді тек қазақ сомдауы керек, деп міндеттеген режиссердің өзі еді. Біздің елден көптеген актердің суретін алдырған. Бір күні маған белгісіз нөмірден қоңырау шалынды. Мен оны бірнеше рет үзіп тастадым. Содан ақыры болмаған соң көтердім. Сосын маған жағдайды түсіндірген соң, «бізге қазақтың рөлін сомдайтын адам керек», деді. Ол кезде Қасымның рөлі туралы ештеңе айтпады. Маған тек «қазіргі суретіңді, видеосымен жібер»,-деді. Әдетте, біз өнерімізді көрсетіп, шағын қойылым қойып беретінбіз. Олар мұны талап етпеді. Содан таңдауы маған түсіпті»,-дейді.

Актердің алдағы жоспарлары турасында сұхбаттың толық нұсқасынан біле аласыздар.

Хабарламаларға жазылу