Людмила Пилипчук: «Қасым» – Ресейде де көрерменін тапқан фильм - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Людмила Пилипчук: «Қасым» – Ресейде де көрерменін тапқан фильм

11.11.2014
Людмила Пилипчук: «Қасым» – Ресейде де көрерменін тапқан фильм

Өткен жылы қазақтың атын асқақтатып, даңқын асырған батыр ұлдардың бірі Қасым Қайсенов туралы «Қасым» атты фильм жарық көрген еді. Бұл кинотуындыда соғыстың сұрапыл кезі, батырдың көзсіз ерлігі баяндалады. Осы  фильмде Қалибек Қуанышбаев атындағы театр актері Қуандық Қыстықбаев басты рөлді сомдады.

Тынымсыз еңбектің өтеуі бар. Кеше Қуандық Қыстықбаевқа РФ, Кемеров облысының губернаторы Аман Ғұмырұлының атынан «Кузбасс құрмет ордені» табысталды.

«Біз қазақ театр өнеріне өзіндік үлес қосып келе жатқан талантты актер Қуандық Қыстықбаевты осы құрмет орденімен марапаттау үшін арнайы келіп отырмыз. Қазақ елі батырларының ерлігін насихаттау мақсатында түсірілген «Қасым» фильмі біздің елде де көрерменін тапқан фильм. Сол себептен де, осы жетістіктерге қол жеткізіп отыр», - дейді Кемеров облыстық филармониясының бас директоры Людмила Пилипчук.

Бұл  марапат біздің елдің актеріне тұңғыш рет беріліп отыр. Толығырақ «Таңшолпаннан» көріңіз.

Хабарламаларға жазылу