Актер Қуандық Қыстықбаев Халықаралық «Кузбасс құрмет ордені» иегері атанды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Актер Қуандық Қыстықбаев Халықаралық «Кузбасс құрмет ордені» иегері атанды

06.11.2014
Актер Қуандық Қыстықбаев Халықаралық «Кузбасс құрмет ордені» иегері атанды

«Қасым» фильмінде басты рөлді сомдаған  актер Қуандық Қыстықбаев Халықаралық «Кузбасс құрмет орден» иегері атанды, деп хабарлайды Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының баспасөз қызметі.

Осыған орай 10 қараша күні Астанадағы Қалибек Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық  драма  театрында актерге Ресей  Федерациясы  Кемеров  облысының губернаторы Аман  Төлеев  «Почетный орден Кузбасса» орденін салтанатты түрде табыстайды.

Отандық  төл  туындының  халықаралық  деңгейде  жоғары марапатқа  ие  болуы еліміз үшін  айтарлықтай үлкен мәртебе. Айта кету керек, актер Қуандық Қыстықбаев  Кемеров облысы тағайындаған құрмет орденінің тұңғыш иегері.

Хабарламаларға жазылу