Мәжіліс төрағасы депутаттарды марапаттады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәжіліс төрағасы депутаттарды марапаттады

14.12.2020

Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулин Тәуелсіздік күні қарсаңында депутаттарға және Аппарат қызметкерлеріне Президент Жарлығымен берілген мемлекеттік марапаттарды тапсырды. Мемлекеттік және қоғамдық қызметі үшін, еліміздің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы ынтымақтастық пен достықты нығайтуға қосқан үлесі үшін ІІІ дәрежелі «Барыс» ордені Мәжіліс депутаты Омархан Оксикбаевқа берілсе, «Парасат» ордені Жексенбай Дүйсебаев пен Дания Еспаеваға табыс етілді. «Құрмет» орденіне Жамбыл Ахметбеков ие болды. Ал «Ерен еңбегі үшін» мемлекеттік медалі Мәжіліс депутаты Александр Сусловқа берілді. 

Фариза Мұсақызы

Мәжіліс марапат

Хабарламаларға жазылу