Талғат батыр мінген ұшақты «қара жау» деп атаған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Талғат батыр мінген ұшақты «қара жау» деп атаған

11.11.2014
Талғат батыр мінген ұшақты «қара жау» деп атаған

Бала кезінен ұшқыш болуды армандаған Талғат өз дегеніне жетті.

Аэроклубта тәжірибеден өтіп, ұстаздарының көзіне түскен талапты жігітті  1940 жылы Саратов авиация әскери мектебіне оқуға жібереді.  Ондағы қатаң сұрыптаудан өтіп, соңынан Чкаловтағы бомбалау мектебін аяқтайды.

Талғат Бигелдиновтің әкесі 30-шы жылдары қиыншылық кезеңде ұжымшардан жалға жер алып, таудың етегінде пияз, жүгері егетін. Үйдің үлкендері жаз бойы түгел егістік басында болады. Сонда әжесімен бірге қалып, үйге қарайтын, бие мен сиырды бағып, сауатын да Талғат еді. Осылайша, ол еңбекке де ерте араласты.

«Мен орыс тілін жетік білмедім. Атам мені татар мектебіне берді. Себебі, ол кезде қазақ-қырғыз мектебі болмады. Татар, ұйғыр, орыс мектептері ғана бар еді. Мен сонда үйде қазақша сөйлеймін, далада балалармен ойнағанда орысша, ал, мектепте татарша оқыдым»,-деп еске алады батыр балалық шағын.

Соғыс басталған тұста ол Ижевск қаласындағы ИЛ-2 штурмавигімен ұшуды үйреніп, майданға аттанады. Сол күннен бастап әскерилер арасындағы «Ұшқыш танк» аталып кеткен Илюшаға бауыр басып, көк жүзінде 500 сағат болады.  305 рет әскери шабуылға шығып, Берлинді алуға қатысады.

Талғат батыр мінген ұшақты жау жағы «қара жау» деп атаған екен. Талғат Бигелдинов туралы толығырақ «Таңшолпаннан» көре аласыздар.

Хабарламаларға жазылу