Төлеуғали Әбдібековті немістер «қара өлім», деп атаған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Төлеуғали Әбдібековті немістер «қара өлім», деп атаған

28.09.2015
Төлеуғали Әбдібековті немістер «қара өлім», деп атаған

Осы күнге дейін есімі аталмай келген Төлеуғали Әбдібеков туралы деректі фильм жарыққа шықты. Авторы және режиссері – «Гүлфайрус», «Кенжетайдың кенжесі», «Бекболат», «Есіңе мені алғайсың», «Сахна саңлағы», «Қазығұрт қыраны» секілді деректі фильмдер жасаған ҚР Өнер қайраткері  Ғазизхан Әділхан.

«Жеңістің 70 жылдығына орай II Дүниежүзілік соғыс ардагерлеріне деген құрмет болсын деп, аты аталмай кеткен ағамызды еске алайық, деген ниетпен осы фильмді түсірдік. Қолымызда 3-ақ сурет болды. Сол үш суреттің төңірегінде фильм жасап шықтық. Білетін адамдардан сұрадық, мұрағат материалдарын қарадық»,-дейді Ғазизхан Әділхан.

II Дүниежүзілік соғыста жасаған еңбектері тарихтың ақтаңдақ бетінде қалып қойған арыстар қаншама?!  Қазақстаннан қатысқан әйгілі 316-атқыштар дивизиясының құрамында 497 немісті жер жастандырған Төлеуғали Әбдібек Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданы, Қапанбұлақ ауылында дүниеге келген.

Жүйрік ат, құмай тазы, берен мылтықты серік еткен әкесі Насыр баласын кішкентайынан саятшылыққа баулиды.  Құралайды көзге атқан мерген болып өскен Төлеуғали ел басына күн туғанда майданға өзі сұранып аттаныпты.  Жас жігіттің қабілеті бірден байқалып, мергендер мектебіне оқуға жіберіледі.

Мектепті аяқтаған сарбаз бірден алғы шепке аттанды. Осылайша, ол фашистерге аянбай ажал оғын төгеді.

Мергеннің көзін жоюға немістер арнайы жасақ жіберген.  1944 жылы Псков облысы, Новосокольский ауданындағы шайқаста қазақтың сұрмергені мен фашист жауынгері бір-бірін бір мезетте атып, қаза болған екен.

Толығырақ «Таңшолпаннан» көре аласыздар.

Хабарламаларға жазылу